Түнде жатарда "Мулк" сүресін оқыған адам қабір азабынан сақталады, Қадір түнін ғибадатпен өткізгендей сауапқа қауышады.
Әр түні "Ясин" сүресін оқыған адам таңын кешірілген болып қарсы алады.
Әр түні жатарда жүз рет «Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар» деп оқыған адам, өзін есепке тартқанда күнәларын кешірткен болады.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Төсекке кіргенде үш рет “Әстағфируллаһ-әл-азыйм әлләзи ла илаһа илла һуәл хаййул қаййум уә әтубу иләйһ” деп оқыған адамның күнәлары, теңіз көбігіндей көп болса да, кешіріледі.» (Тирмизи)
«Жатар алдында "Фатиха" және "Ихлас" сүрелерін оқыған адам, өлімнен басқа барлық жамандықтан сақ болады.» (Бәззар)
«Жатар алдында Мүлк (Тәбәрәкә) сүресін оқымастан ұйықтама! Өйткені өлген жағдайда қабірде саған жолдас болады.» (Әйухәл уәләд Илмихалы)
«Құранда отыз аяттық бір сүре бар. Оқыған адамға кешірілгенге дейін шапағат етеді. Ол – “Тәбәракәлләзи би йәдиһил мүлк” деп басталатын сүре.» (И. Ахмед)
«Расулуллаһ Сәжде сүресі мен Мүлк сүресін оқымастан ұйықтамайтын.»
(Тирмизи)
«Жатарда Аятәл Күрсіні оқыған адамға шайтан жақындай алмайды.» (Шәуәхидун-Нубууә)