✅ Кешірім – кешірген адамның дәрежесін көтеріп, барар орнын ұлық етеді. Кешірімді адам біреуге зиянын тигізбейді, өзгеге көмек беруге дайын тұрады. Кімде-кім кешірімшіл болса, бұл дүниеде – бақытты, ал ақіретте сый көреді. Әсілінде, кешірімшіл болу – көркем мінезділіктің белгісі. Бұл жайлы қазақтың біртуар тұлғаларының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы былай дейді: ✅ Біреудің мінін кешірсең, Құдай да сені кешеді. Бірін де қылмай есірсең, Төбеңді әлі-ақ теседі. Көңілі жұмсақ адамның, Күрмеуін тағдыр шешеді. Пейілі жаман адамның, Орыны дайын деседі. ✅ «Кешірімділік – анадан, кішіпейілділік – данадан» деген қазақ халқы асыл қасиеттерді Ислам дінінің құндылықтарымен байланыстырған. Сондай-ақ, «Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі» деген де сөз бар. ✅ Дініміздің талабы бойынша, араздасқан екі мұсылманның өкпе-реніші үш күннен аспауы керек. Ол үшін сіз ренішіңізді ұмытып, шын жүректен Алла үшін кешіруіңіз керек. Мұсылмандар бір-бірімен мүміндігінше араздаспағаны абзал. Өйткені мұсылмандар – бір-біріне бауыр. Ақыретте мұсылман бауырларымен араздасқаны үшін де сұралады. ✏ © Арман Қуанышбаев

Теги других блогов: қазақ халқы кешірім мінезділік